Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды

290

0

Фото: ҚАЖД

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні. Осы күнге орай Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің және №60,68 мекемесінің қызметкерлері облыстық Қан орталығына арнайы барып, қан тапсырды.

ҚАЖ қызметкерлері тәртіпке сай кезек күтіп, тиісті тексерістен өтті. Себебі донор болуға ниет білдірген азаматтарға қойылатын талап сондай. Тексерістен өткен соң, олар дәрігердің рұқсатын алып, қайырымдылық шараға қатысты.

– Бұл істі игі дәстүрге айналдырған ҚАЖ қызметкерлері осылайша талай адамның өміріне араша түсіп отыр. “Бір тамшы қан – өмірге араша” демекші, өмірі бір тамшы қанға тәуелді қаншама жан бар. Бір адамның берген 450мл қаны өлім аузындағы үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін ескерсек, қаншама науқас жанның өміріне үміт сыйлаймыз. Бүгінгі игі ісіміз адамдарға жаңа өмір сыйлайды деп сенеміз, – дейді департамент бастығының міндетін атқарушы Мұрат Нәкенов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<