Қызылордадағы жолдардың 87,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда

428

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жол инфрақұрылым – ел экономикасының дамуына ықпал ететін негізгі салалардың бірі. Бұл ретте өңірде жол сапасын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, биыл республикалық және облыстық бюджеттен 27,9 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 266 км құрайтын автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ұзындығы 55,5 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғыртылмақ.
Ал, «Жалпы сипаттағы трансферттер» бағдарламасы аясында ұзындығы 57,9 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөнделеді.
Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласы мен аудандарға 79,8 км құрайтын көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы, 2023 жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 87,5%-ға жеткізілді.
Осы ретте, мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстағы жол саласын дамытуға 88 жоба ұсынылды. Биылғы жылы нақтыланған 48 жоба қолдау тауып, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 92 %-ға жеткізу межеленген.
Айта кетейік, Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3580,5 км құрайды. Оның 1014,5 км республикалық, 555 км облыстық, 2011 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<