Қызылордалық дәрігерлер Түркия мемлекетінде тәжірибе алмасты

654

0

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен қызылордалық бірнеше дәрігер тәжірибе алмасты. Олардың қатарында облыстық перинаталдық орталықтың неонатолог дәрігері Әйгерім Бәкірова да бар.

Дәрігерлер Стамбул қаласында Istanbul Medipol University базасында ҚР босандыру және балалар қызметі мамандары біліктілігін арттырды.

Олар бұл мемлекетте соңғы үлгідегі медициналық озық технологияларды меңгере отырып, бағыт-бағдары мен жолдарын үйреніп, емдеудегі жаңа әдіс-тәсілдерді зерттеуге қатысты. Әр маман өз саласында тәжірибесі мол, білікті де білімді профессор-дәрігерлердің қасында жүріп, теориялық және профилактикалық әдістемелерді білектеді, олардың жасаған шеберлік сабақтарына қатысып, өз тәжірибелік білімдерін шыңдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<