Қызылордалық өрт сөндіруші түркиялық әріптестеріне өлең арнады

2015

0

Фото: ашық дереккөз

Кеңесов Кенжебек 5 жылдан бері Арал ауданындағы өрт сөндіру бөлімінде жұмыс жасайды. Әріптестері оның қызметіне адалдығын жоғары бағалайды. Түрік елінде болған төтенше жағдай оған ауыр тиіпті. Соны қаламына арқау еткен азамат әріптестеріне арнап өлең шығарды.

Көгімде ту,көңілде ән ұраным,

Тыныштық болса екен деп жалынамын.

Тілсіз жау, отпенен су,апат деген,

Талайдың шайқап кеткен шаңырағын.

Адалдығы сезілген көңілінен,

Халықтың шығып жүрген сенімінен.

Құтқару қызметі жасай берсін,

Өзгені артық қойған өмірінен.

Ел үшін елен еңбек жасағандар,

Адамзат баласына дос адамдар.

Өлімменен өмірдің арасында,

Отпен сумен күрескен осы адамдар.

Қиындық көріп тұрып бауырлары,

Қазақтың от жүрегі жалындады.

Көңілді қуантады құтқарушы жігіттердің,

Сол елден табылғаны.

Көршіге көмек берсе,жақсы бол деп,

Достыққа адал болу басты міндет.

Абай айтқан әуелі Алланы сүй,

Адамдардың барлығын жақсы көр деп.

Бәрі қазақ, түркідей туыс болсын,

Құтқару қызметіне ырыс қонсын.

Отан деген оғландар отқа күймей,

Елім аман, жұртымыз тыныш болсын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<