Қызылордалық полицейлер ерекше балаларды қуантты

546

0

Қызылордалық полицейлер 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше балаларды қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Бала қуанса, әлем қуанады» деген ниетті алға тартқан Қызылорда қалалық полиция басқармасының полицейлері кезекті игі іс-шараны ұйымдастырып, ерекше балаларды қуанышқа бөледі.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы «түзету» мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекесінің ерекше балалары «Бала арманы» атты өздерінің тілектерін жазған болатын. Сол армандар кітапшасына (спорттық киім, құрастырмалы ойыншық, балдық көйлектер, спорттық аяқ киім, қыстық күртеше және сөмке) жазған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ерекше балалардың арман тілектерін орындап, балақайлардың жүзіне күлкі ұялатты.

Іс-шара барысында сыйлықтарды үлестіріп, өздерінің полицей екендіктерін жеткізіп, әлемде ешбір бала жыламасын деп тілек білдірді – Құрметті балақайлар! Келе жатқан мерекелерің құтты болсын. Барлық армандарың орындалсын. Ең бастысы дендерің сау болып, ауырмаңдар! Біз сендердің тыныш ұйықтауларың үшін күні-түні қызмет етеміз! Қашанда қолдау, көмек көрсетуге дайынбыз!, – деді кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Мақсат Садыбеков.

Сондай-ақ, мектеп-интернатының басшысы балаларды елеп-ескеріп келген полицейлерге ризашылықтарын айтты.

– Сіздер біздің балаларымызға айрықша көңіл-күй сыйладыңыздар! Демалыссыз атқаратын жұмыстарыңыздың арасында балаларға уақыт тауып отырсыздар. Шынын айтсақ, балалармен қатар, өзімізде қуанып тұрмыз. Біздің қорғаушыларымыз, қаламыздың тыныштығын күзететін сіздерге үлкен рақмет, – деді мектеп-интернат директоры Ахметов Жамбыл.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<