Қызылордалық құтқарушылар өрт кезінде газ баллонын шығарды

159

0

Фото: ТЖД

Бүгін таңертең сағат 11 шамасында Қызылорда қаласы, Тұрлығұлов көшесі №20 тұрғын үйдің ауласында ағаш сарайдың өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Сарай толығымен жанып кеткен.

Өрт салдарынан 6 тауық өртеніп кетті. Өрт ошағынан 1 дана 50 л. газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сағат 11-ден 23 минут өткенде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында өртті сөндіруге ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының филиалы, полиция бөлімі, қалалық электр тораптарын тарату (23 қызметкер және 6 бірлік техника) жұмылдырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<