Қызылордалық тұрғын ұялы телефонын тауып берген полицейлерге алғыс білдірді

532

0

19 жастағы қала тұрғыны Қызылорда қалалық полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне ұрлық дерегі бойынша арызданған болатын. Оның айтуынша, белгісіз адам мекеме есігінің ашық тұрғанын пайдаланып, «Самсунг А52» үлгісіндегі ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Жедел – іздестіру шараларының нәтижесінде 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында оның басқада қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталды.

Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1 – бөлігі (Ұрлық,яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері ұрланған ұялы телефонды иесіне қайтарды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<