Рамазан-2024: Облыс әкімі Қадір түнінде ауызашар берді

420

0

Фото: Ақмешіт Сырдария мешіті

Қасиетті Қадір түнінде облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне жиылған жұртшылыққа облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының атынан ауызашар берілді.

Ақ дастарқан басына мешіт жамағатымен бірге имамдар, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары жиналды.

Сондай-ақ ауызашарға облыстық мәслихаттың төрағасы Наурызбай Сейітқалиұлы және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев та қатысып, аймақ басшының жылы лебізін жеткізді.

Бас имам Дастан Жанасұлы құттықтау сөз сөйлеп, Қадір түнінің қасиеті туралы насихат айтты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<