«Сабағынан жібермей қойған»: Алматы облысында мектеп оқушысы ұстазын аяусыз ұрып тастады (ВИДЕО)

33

0

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысының Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде адам шошырлық оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғары сынып оқушысы сабақ уақытында мектептен шығармай қойған кезекші мұғалімді соққыға жыққан. Салдарынан мұғалім ауыр жарақат алып, әлі күнге дейін емделіп жүр.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Агенттік тілшісі оқыс оқиғаға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті сауал жолдады.