«Береке банк» болып өзгереді

488

0

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстандағы «Сбербанктің» атауы «Береке банк» болып өзгеретінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ол журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, міндетті түрде ребрендинг болады. Ал меншік құқығын ауыстыру бойынша транзакция 1 қыркүйекте аяқталған.

«Жаңа банк «Береке банк» деп аталады. Қазақша жақсы сөз, мұны барлығымыз бір-бірімізге тілеп жүрміз. Банк  бұрынғыдай өз жұмысын жалғастыра береді», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<