Шиеліде медицина қызметкерлері марапатталды

890

0

Бүгін Шиелі ауданындағы Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде 16 маусым – медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара болып өтті.

Аудан əкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға денсаулық сақтау саласының ардагерлері, дəрігерлер жəне аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Аудан әкімі Нариман Мақұлбеков құттықтау сөз сөйлеп, ең алдымен бар өмірін халық денсаулығын сақтау мен қорғауға арнап, қазірде құрметті демалыста, біразы әлі күнге дейін еңбек етіп, өмірлік және кәсіби тәжірибесін жастарға үйретіп жүрген сала ардагерлеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласын дамытуға мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатқанын жеткізіп, сөз соңында ауданымыздың бірқатар білікті дәрігерлерін марапаттады.

Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Амиров сөз алып, әріптестерін мерекемен құттықтап, қиындығы мен қуанышы мол қызметте сәттілік тіледі.

Аудан өнерпаздары дəрігерлердің еселі еңбегін айшықтайтын əндер орындап, мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<