Соғыс ардагері Любовь Колесник дүниеден өтті

610

0

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Любовь Колесник 97-ге қараған шағында дүниеден өтті.

Любовь Сергеевна 1925 жылғы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген. Жұбайы Николай Севастьянович Колесник те соғыс ардагері. Жергілікті медициналық техникумда оқып, кәмелет жасқа толысымен 1944 жылы әскер қатарына шақырылған. Соғыс кезінде Белорусь фронтының дала госпиталінде медбике қызметін атқарып, ержүрек батылдығымен көзге түскен. Соғыс аяқталған соң госпитальда жұмыс жасады. 1945 жылдың қыркүйегінде елге оралып, сол жылы Қызылорда қаласындағы локомотив депо медпунктіне фельдшер болып жұмысқа орналасты. Осы қызметтен зейнетке шыққан. Любовь Сергеевна 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.

«Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» ордені, «Маршал Жуков» медалі, «Германиямен соғыста көрсеткен ерлігі үшін» медалі және мерекелік медальдармен марапатталған.

Қызылорда облысының әкімдігі, облыстық  мәслихат, облыстық ардагерлер кеңесі және облыстың Қоғамдық кеңесі Любовь Колесниктің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы және туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<