Суға шомылу маусымындағы сақтық шаралары

698

0

Жердегі ең қымбаты – адам өмірі. Өкінішке орай, жаз айларында біздің облыстың әр түрлі су айдындарында суға кеткен балалардың саны азайса да, қайғылы оқиғалар орын алуда.
Қызылорда облысында 2017 жылы – 26 (оның ішінде 7 бала), 2018 жылы – 22 (оның ішінде 8 бала) адам су айдындарында қайтыс болды.
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 12 қайғылы оқиға тіркелген, оның ішінде 4-еуі бала, орта мектептердің оқушылары.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті барлық ересектерге, ата-аналарға, тәрбиешілерге балаларды қараусыз су айдындарына, каналдарға, өзендер мен көлдерге жібермеуді ЕСКЕРТЕДІ.
Су-жансыз жау. Қайғының орны алатындығын алдын-ала болжау мүмкін емес. Ересектер суда өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Сіздің өміріңіз бен балаларыңыздың өмірі сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз.

Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<