Сырдариялық жас отбасы жеңіс тұғырында

193

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Жастар мен жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында Қоғамдық Даму Басқармасының Syr Jastary орталығы мен Ай-Қанат Жастар Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен жас отбасылар арасында «Толағай» сайысы өтті.

Сайысқа өңіріміздегі барлық қала мен аудандардан жас отбасылар қатысты.

5 кезеңді қамтыған тартысты сайыста жүлделі 1 орын Сырдария ауданы Сансызбаевтар отбасы (сыйлыққа тоңазытқыш), 2 орын Нұржігітовтер отбасы Жаңақорған ауданы (сыйлыққа телевизор), 3 орын Серіковтер отбасы Жалағаш ауданы (сыйлыққа қысқа толқынды пеш) иемденді.

Сонымен қатар, барлық қатысушылар бағалы, ынталандыру сыйлықтары мен алғыс, дипломдармен марапатталды.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<