Қызылордадағы Өнер орталығында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі тыңдарманға әлемдік кинофильмдерден саундтрек концертін ұсынды. Бұл туралы филармонияның баспасөз қызметі хабарлады.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі — Самат Абылаев, концерт режиссері — Азиза Іздіқұлова. Ал оркестрге Руслан Балмасов дирижерлік жасады.
– Кеште оркестр «Черная любовь», «Ертұғрыл», «Ва Банк», «Ромео и Джульетта», «Мадагаскар», «Пираты Карибского моря», «Тақиялы періште» және «Нурикамал» сияқты культтік кинофильмдер мен мультфильмдердің танымал әуендерін ойнады. Концертте халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Ринат Үсенов, Динара Қыдырбай, Айсұлу Әбді, Жалын Жүсіпов және Асхат Құрманалиев (гобой) өнер көрсетті, – делінген хабарламада.
Облыстық филармония ұжымы тағы бір музыкалық маусымды осылай қорытындылады.