Теміржол тұйығындағы өрт дер кезінде сөндірілді

619

0

Бүгін сағат 13:16-да теміржол тұйығында тұрған «Sinоoil» ЖШС-на тиесілі сұйық отын толтырылған цистерналардан өрт шықты.

Өрт аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінің күшімен сағат 13:35-те оқшауланып, толық сөндірілді.

Адам шығыны жоқ.

Оқиға орнына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларымен бірге арнайы барып, жағдайды қатаң бақылауға алды.

Қазір өрттің шығу себебі төтенше жағдайлар бөлімі мамандары мен полиция қызметкерлері тарапынан анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<