Теңіз елді мекеніндегі жағдай тұрақтанды – облыс әкімдігі

182

0

Теңіз вахталық елді мекеніндегі жұмысшылармен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары кездесті. Бұл туралы облыс әкімдігінен мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore» жұмысшыларымен кездесу барысында тұрмыстық жанжалдың ушығуына жол бермеу туралы түсіндіру жүргізіліп, сондай-ақ кен орнында жұмысты ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Осы мәселелерді пысықтаумен ведомствоаралық комиссия айналысады, оның құрамына меморгандармен қатар, компания және ТШО өкілдері кіреді», – делінген Атырау облысы әкімдігі мәліметінде.
Белгілі болғандай, комиссияға облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік етеді.
 «Кездесу қорытындысы бойынша6 жұмысшылар өздерінің қызметтеріне кірісті, жағдай тұрақтанды. ТШО медициналық пунктінде 30 адамға көмек көрсетілді. Қазіргі кезде олардың денсаулық жағдайына қатысты ешқандай қауіп жоқ. Қаза болғандар тіркелмеді», – деп атап өтілген таратылған хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін сағат 11:00 шамасында «Теңіз» вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясы жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында «Whatsapp» желісінің профиліне орналастырған фотосуретке наразылықтарын білдіргені мәлім болды.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<