«Тіл ‑ ұлттың жаны»

382

0

Қармақшы аудандық сотында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Тіл ‑ ұлттың жаны» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шараға аудандық сот әкімшісінің басшысы Е.Мәтжанов, кеңсе қызметкерлері, адвокат Г.Қадырбаева, «KMF» Микроқаржылық ұйымның Қармақшы аудандық бөлімшесінің басшысы Ш.Сығайбаев, онлайн байланыста «Халық Банкі» АҚ Байқоңыр қалалық филиалының аға заң кеңесшісі Г.Койшиков қатысты.

Семинарды сот әкімшісінің басшысы Е.Мәтжанов, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, мемлекеттік тілді қолдану саясатының маңыздылығын және мемлекеттік тіл мәселесін назарға салып, микроқаржылық ұйымдар мен екінші деңгейлік банк өкілдеріне, адвокаттарға іс қағаздарды мемлекеттік тілде жаппай іске асыруды ұсынды.

Семинар барысында «Мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын биліктің бірден-бір құрылымы болса, мемлекеттік тілді дамыту мемлекет саясаттарының бірі. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметкердің ұлтымыздың қазынасы мемлекеттік тілді білуі міндет. Тілдің қолданысын тиісті деңгейіне көтеру біздің парызымыз. Мемлекеттік тіл ‑ мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болғандықтан мәртебесі жоғары болуы тиіс» екенін атап өтті.

Аудандық сот әкімшісінің басшысы Е.Мәтжанов әрбір азамат тілді дамытуға үлес қосуына міндетті екендігін, іс жүзінде парызына адалдық танытса, ұлттың қазығы да, қазынасы да тіліміздің абыройының асқақтайтыны анық екенін атап өтті.

Семинар сабағының соңында қатысушылар мемлекеттік тілді қолдану аясын одан әрі дамыту бойынша пікірлерін ортаға салды.

Қармақшы аудандық соты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<