Төрт жылдықтың додасында топ жарды

6

0

Қызылорда қаласында 2026 жылдың 17–21 мамыр күндері аралығында төрт жылда бір рет өткізілетін VIII облыстық халық ойындарына арналған облыстық іріктеу жарыстары өз мәресіне жетті.

Ауқымды спорттық додаға Қызылорда облысының барлық аудандары мен Қызылорда қаласынан келген спортшылар қатысып, спорттың бірнеше түрі бойынша өзара мықтыларды анықтады. Атап айтқанда, жарыс бағдарламасына волейбол, баскетбол 3х3, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі, шағын футбол, асық ату, қол күресі және гір спорты енгізілді.

Төрт күнге созылған жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты әрі қызықты бәсекелер өткізді. Әр спорт түрі бойынша үздіктер анықталып, командалар арасындағы бәсеке жоғары деңгейде өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Арал ауданының құрама командасы барлық спорт түрлерінен жоғары нәтижелер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл нәтиже аудан спортшыларының жүйелі дайындығы мен спорт саласындағы атқарылған жұмыстардың нақты жемісі болып табылады.

Аталған жарыс өңірде бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және спортшылар арасындағы тәжірибе алмасуды нығайтуға зор үлес қосты.