Түркістан облысында қар барыстары фототұзаққа түсті

146

0

Сурет: zakon.kz

Бірден екі қар барысы Түркістан облысында фототұзаққа түсті. Жыртқыштар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында байқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барстардың бейнесін ұлттық парк өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Фототұзаққа сәтті түскен кадр. Қар барысы – мысық тұқымдастарының ерекше өкілі», – делінген хабарламада.

Видеода жыртқыштардың бірі тіпті камера алдында суретке түсетін сияқты. 29 сәуірде қысқы ұйқысынан оянып, серуендеп жүрген аю Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл қорығында камераға түсіп қалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<