Тұрақтандыру қорындағы бірқатар азық-түлік бағалары төмендетілді

346

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының  тұрақтандыру қорындағы бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендетілді.

15 наурыздан бастап арзандаған тауарлардың тізімінде басты пияз, қырыққабат, өсімдік майы, қарақұмық жармасы бар. Басты пияздың бағасы бұрын 50 теңге болса, бүгінде 30 теңгеге түсірілді. Ал қырыққабат 115 теңгеден 55-ке, өсімдік майы 520-дан 350 теңгеге, қарақұмық бұрын 300 теңге болса бүгінде 230 теңгеге арзандатылды.

Тұрақтандыру қорының жұмысы жөніндегі басқарма басшысы Мейрамбек Кеңесұлы бүгінде маусымаралық кезеңнің аяқталуына орай азық-түлік тауарларының бағаларын түсіріп жатқандығын айтты. Мысалға, базардағы пияз бағасы бүгінде 80-120 теңге аралығында болса, осы бағаны тұрақтандыру мақсатында корпорация арқылы барлық аудандар мен қалада жуаны қазіргі кезде 30 теңгеден сату ұйымдастырылуда деді.

Айта кетейік, тұрақтандыру қорындағы бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қаламыздағы 37 әлеуметтік дүкен мен 10 ірі сауда үйлерінен және үй жанындағы дүкендерден төмен бағада сатып алуға болады.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<