Тұрғын үй толығымен жанып кетті

438

0

Қызылорда қаласында тұрғын үй толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер жалын ішінен 50 литрлік газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бүгін, 13 шілде сағат 00:23-те облыс орталығындағы М.Дулатов көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Аталған шақырту бойынша оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шықты.

«Барлау жұмыстарының нәтижесінде каркастан салынған тұрғын үйдің және ауладағы тұрмыстық заттардың өртенгені анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының арқасында жақын орналасқан тағы бір тұрғын үйдің өртенуінің алдын алудың мүмкіндігі туды. Өртенген үй ішінде адам болмаған. Өрт ішінен 50 литрлік газ баллоны шығарылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<