Туризм: Қазақстанда 9 489 турагент қызмет көрсетеді

548

0

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Еліміздегі мемлекеттік электронды реестрдің дерегіне сәйкес «Е-лицензиялау» порталында 9 489 турагент пен 558 туроператор тіркелген.

Сенімді туристік агенттікті қалай таңдауға болады?

ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының реестрі орналастырылған.

Саяхатшы туристік компанияларға жүгінген кезде турагенттің қызметі туралы хабарламаны және туроператордың лицензиясы бар-жоғын тексере отырып, барлық қажетті құжатты талап етуге құқылы.

Туристік кодтың болуына назар аударған жөн

Туркод – әрбір туристке кепілдік ретінде туроператор беретін бірегей нөмір. Ол туроператор өз міндеттерін орындау мүмкін болмаған немесе орындамаған жағдайда туристті елге қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында беріледі. Туристік өнімді сату кезінде туроператор алған қаражатты пайдалана отырып, турлардың электронды реестрі автоматты түрде туристік кодты береді.

Әуе ашықтығы:

Халықаралық әуе қатынасы 121 бағыт бойынша 28 елге орындалады.

Туристік фирмалардың қызметін бақылау:

Туризм индустриясы комитеті турагенттердің, туроператорлардың, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электронды реестрін жүргізеді. Бұл олардың қызметін тұрақты бақылауға және барлық нормативтік талапты сақтауға жол ашады.

Еске сала кетейік, бұған дейін туризм саласындағы негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі екі есе артқанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<