Үкіметтік комиссияның әрекетіне қарамастан, індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр – Президент

486

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссия қабылдаған барлық іс-әрекеттерге қарамастан, қазақстандықтар арасында індетке шалдығу оқиғалары азаймай отырғанын мәлім етті. Бұл туралы Президент Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін ДДСҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын», – деді ҚР Президенті.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус індетіне шалдыққандардың жалпы саны 11 796-ға жетті. Оның ішінде 6240 адам сырқаттан жазылды, қайтыс болды – 48 науқас.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<