Ұлттық байқаудың аудандық кезеңі аяқталды

766

0

Сырдария ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев «Мерейлі отбасы – 2022» ұлттық байқауының аудандық кезеңіндегі жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысып, жүлдегерлерді құттықтады.

– Қоғамда осындай рухани-әлеуметтік діңгегі берік отбасылық құндылықтарды тереңдету мақсатында 2013 жылдан бері «Мерейлі отбасы» байқауы өткізіліп келеді. Бұл – мазмұны мен тәрбиелік жағынан өзгеше іс-шара. Яғни, аға буынға «артымда қандай ұрпақ қалдырам?» деген ой салып, жас буынды әке салған жолды жай ғана жалғастырып қоймай, тың идеялармен байытып, жаңаша қарқынмен жетілдіруге жетелейтін, рухани байытатын «Мерейлі отбасының» мәні тереңде жатыр. Бұл ұлттық конкурс ұрпақтар сабақтастығын жария етіп, елге қызмет етудің ең озық үлгілерін көрсетіп, өнеге алатын сайыс болуымен де қоғам алдындағы құндылығы арта түспек, – деді аудан басшысы құттықтауында.

Аталған іс-шараға қатысу үшін аудан орталығы мен елді мекендердегі 20-ға жуық отбасы өтініш білдірген. Олардың 13-і арнайы алғыс хатпен марапатталса, 5 отбасы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Сонымен қатар байқаудың облыстық кезеңіне Шіркейлі ауылының тұрғындары Есенхожаевтар отбасы және Шаған ауылының Сарыбаевтар отбасы жолдама алды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<