Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай Құлманов 100 жасқа толды

700

0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай Құлмановты 100 жасқа толу мерейтойына орай құттықтады.


Өңір басшысы ғасыр куәгеріне Сыр жұртшылығының жылы лебізін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында «Ардагерлер туралы» заңды қабылдап, аға буын өкілдерінің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік қорғалуына ерекше мән берді. Сіздің жасыңыз бен жолыңызды жас ұрпаққа берсін. Ұрпағыңызбен мың жасап, алдымызда жөн сілтер ақылшымыз болып жүре беріңіз! ,-деді облыс әкімі.


Гүлшара Әбдіқалықова мерейтой иесіне құттықтау хатын табыстап, қазақи дәстүрден жаңылмай шапан жапты.
Шараға Тұрғанбай Маханов, Әріп Қожбанов сияқты еңбек ардагерлері және шәкірттері қатысып мерей той иесін құттықтады.


Бөрібай Құлманов 1920 жылы 6 маусымда Қостанай облысында дүниеге келген. Жастайынан жоқшылықты көрген ол жеті жылдық мектептен кейін, 1934 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумын агроном мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын Қызылорда облысы Сырдария ауданының ауылшаруашылығы бөлімінде бастаған. 1940 жылы Мәкеудегі әскери училищеге курсант болып қабылданып, 1941 жылғы 1 мамырда Қызыл алаңда өткен әскери шеруге қатысады. Сол жылы лейтенант шенінде, минометшілер ротасының командирі болып майданға аттанады. Ұлы Жеңісті Германияның Штеттин қаласында қарсы алады. Соғыс аяқталған жылы ерекше тапсырмамен Қытайдағы Синцъзянь провинциясында қызмет атқарады.
Бөрібай Құлманов майдандағы ерлік істері үшін «Қызыл жұлдыз», «1-ші дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдермен марапатталған. Облыстың экономикасын, мәдениеті мен ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлестері үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, облыс әкімінің (2015 жыл) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті азаматы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз