Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шара өтті

226

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Қызылордада «Славяне» облыстық қоғамдық-мәдени орталығының ұйымдастыруымен бауырластар зияратында салтанатты іс-шара өтті.

Бұл іс-шара Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылды.

Іс-шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Ерлан Сисенбиев, “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камалов, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, мүшелері, әскери техникалық мектептің өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері, №10 мектеп-лицейінің оқушылары, “Ассамблея жастары” ұйымының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Галина Щербакова ашты.

Жиналғандар алдында қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев, қорғаныс істері департаментінің өкілдері мен ардагерлері және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің ұрпақтары сөз сөйледі.

Мұнан соң №10 мектеп-лицейінің оқушыларының әдеби композициясы ұсынылды. Жас ұрпақ өкілдері әскери-патриоттық тақырыпта өлеңдер оқыды.

«Сударушки» вокалды тобы соғыс жылдарынан попурри ән орындады. Мектеп-лицей оқушылары әскери дайындықтарын көрсетті. Қайтыс болған жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

Іс-шара соңында қатысушылар “Журавли” әнінің әуенімен ескерткішке гүл шоқтарын қойды.