WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылады

314

0

Фото: futuretechnol.com

Енді WhatsApp қосымшасы арқылы нөмірі сақталмаған адамдармен де хат алмасуға болады. Бұл өзгеріс мессенджердің жаңартылған нұсқасында іске қосылады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қосымшаның жаңа нұсқасында хат алмасуды бастау үшін «Жаңа чат бастау» опциясын таңдап, қажетті нөмірді ашылған терезеге енгізу қажет. Ол адамға хабарлама жазуға рұқсат етілген болса, контакт іздеу бағдарламасында көрініп тұрады. Ал бұған дейін WhatsApp-та біреуге хабарлама жіберер алдында оның нөмірін сақтау міндетті болатын.

WABetaInfo-ның мәліметі бойынша, жаңа опция Android пен iOS үшін WhatsApp қосымшасының жаңартылған нұсқасында ашылады. Оны орнату үшін Google Play немесе App Store дүкеніне кіріп, WhatsApp-ты жаңарту қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<