Қызылордада 3 адам конго-қырым безгегін жұқтыру күдігімен ауруханаға түсті

193

0

Қызылорда облысында бір ауылдың 3 тұрғыны конго-қырым қанды безгегіне күдікті ретінде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады «24 хабар».
Олар Шиелі ауданының Досбол би елді мекенінде тұрады. Бұл үш жағдай маусымның 13-і, 16-ы және 19-ы күндері тіркелген. Кене шаққан азаматтар бақташылық және егін егумен айналысады екен. Жалпы мамандар биыл осы Шиелі ауданында кене шағу өткен жылмен салыстырғанда көбейіп, 70 дерек тіркелгенін айтып отыр. Аталған жағдайға байланысты ауданның бірнеше елді мекенінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Жалпы өңірде кенемен күрес шаралары көктем мезгілінде белгіленген жоспарға сай атқарылған болатын.
Әлия Әбдіқайымова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:
– Кене шағу жағдайымен және температурасы көтерілген бір науқас кешегі күні тіркелді кешке жақын. Бірақ жағдайы жақсы деп айтуға болады, тұрақты. Тек қана қан клиникалық зертханалық сынама нәтижелеріне байланысты және кене шағу фактісі орын алғандықтан конго-қырым геморагиялық қызбасының болжамды жағдайы деген, күдікті жағдайы деген диагноз қойылып, бүгінгі күні бақылауға, медициналық ем тағайындалып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<