Қызылордалық полицейлер Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созуда

176

0

Түркістан облысы, Арыс қаласында орын алған оқиғаға байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жарылыстан зардап шеккендерге материалдық көмек беру ұсынысын бірауыздан қолдап, бір күндік жалақыларын аударуда.
Бүгінгі таңда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерінен құралған полиция нарядтарының саны көбейтілді.
Облыс орталығының Теміржол вокзалы маңында полицейлер халыққа көмектесуді жалғастыруда. Жолаушы поездары тоқтау себебінен жедел шаралар қолға алынуда. Полицейлер жолаушыларды қажетті бағыттағы автокөліктерге отырғызып, оларға тиісті көмек көрсетіп жатыр. Қажет болған жағдайларда медициналық көмек те көрсетілуде.
Қызылордалық полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды іске асыруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<