«Жайлы мектептерге» жаңа форматтағы 7 мың педагог даярланады

323

0

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жобасы туралы үкімет қаулысының жобасында «Жайлы мектептерге» арнайы педагогтер даярланатыны көрсетілген.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында болашақ мектептер үшін жаңа формациядағы мұғалімдер дайындалады. Елдегі өзгермелі демографиялық ахуалды және педагог кадрлардың қартаюын ескере отырып, педагог кадрларға қажеттіліктерді болжау жүйесін құру бойынша зерттеулер жүргізілетін болады. Мектептердің жаңа үлгілеріне сәйкес білім беру бағдарламалары өзектендіріледі. Болашақ мұғалімдердің зерттеу құзыреттілігін дамыту үшін «Іс-әрекеттегі зерттеу», «Білім берудегі деректерді зерттеу және талдау әдістері» пәндері енгізіледі», – делінген тұжырымдама жобасында.

Тиісті өзгертулер бакалавриат – магистратура – докторантура тізбегінде сабақтастықпен сақталуы керектігі айтылған. Тұжырымдаманы іске асыру жоспарында осы мақсатпен «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын мектептерде сабақ беретін 7 мың мұғалімді жаңа тәсілмен дайындау 2023-29 жылдар аралығында іске асатыны айтылған.

«Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде жаңа формациядағы мұғалімдерді даярлау үшін педагогикалық бағыттар бойынша кемінде 7 мың мемлекеттік білім беру гранттарын бөлінеді», – делінген құжатта.

Құжат 18 сәуірге дейін қоғам талқысында болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<