Оң серпін сақталды

543

0

Биыл Жалағаш ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң серпін сақталды. Он айда экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған жобалар орындалды. Олардың негізгілері туралы кеңірек тоқталсақ.

Кейінгі жылдары аудан экономикасының даму динамикасы нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2,1 есеге артып, 20 436 млн теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптің өңдеуші секторы 29,6 пайызға орындалып, 8 489 млн теңгенің өнімі өндірілген.

Негізгі капиталға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 7205 млн теңгені құрап, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайызға артты.

Аудан бюджетінің нақтыланған жалпы түсімдер болжамы 11 591,2 млн теңге, орындалғаны 11 678,4 млн теңге немесе 100,8 пайызды құрады. Оның ішінде, жергілікті бюджет кірістерінің жоспары 1 529,6 млн теңгені құрап отыр.

Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы саласында өсім жоғары. Аталған салада 24 156 млн теңгенің өнімі өндірілген. Биыл аудан бойынша 35 486,5 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 18 501 гектар күріш, 720 гектар жаздық бидай, 42 га жаздық арпа, 445 гектар сүрлемдік жүгері, 520 гектар мақсары, 4903 гектар жаңа жоңышқа, 7186 гектар ескі жоңышқа, 646 гектар картоп, 1108 гектар көкөніс, 1296 гектар бақша, 73 га қант құмайы, 2,5 га қант қызылшасы, 39 га соя, 5 га сұлы дақылдары егілді.

Қаңтар-қараша айларына ірі қара 38206 бас, жылқы 20970, түйе 733, қой-ешкі  43 299, шошқа 115 бас, ал үй құстары 10611 баасқа өсті. Шағын және орта бизнесті дамыту – экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Осы орайда аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 3023 бірлікті құрады. Оның 94,1 пайызы нақты жұмыс жасап тұр. Өткен жылмен салыстарғанда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 509 бірлікке көбейген.

Бүгінгі күнге мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында 417 жоба 2 822 млн теңгеге қаржыландырылып, 430 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жалағаш ауданында экономикалық белсенді халық саны 14 947 адамды құрады. Жұмыссыздар саны – 755. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда экономикалық белсенді халық 283 адамға, жұмыссыздар саны 3 адамға көбейген.

Биыл ашылуы жоспарланған 2420 жаңа жұмыс орнының бүгінде 1864-і ашылды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыз болып, өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 305 отбасы мүшелеріне 85,2 млн теңге қаржы төленді.

Бұдан бөлек ауданда білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет секілді басқа да негізгі салаларда жетістіктер бар. Халықты баспанамен қамту үшін барлығы 17141 шаршы метр болатын 116 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,9 пайызға артқан.

Сонымен қатар, атқарылған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 4978 млн теңгеге орындалды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 22,1 пайызға артты. Айта кету керек, ауданда 2022 жылдың 1 қарашасына 92 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда азайған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<