Жалғызбасты ата-аналарға қашықтан жұмыс істеу құқығы берілуі мүмкін

300

0

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесі пысықталуда. Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі Ұлт­тық комиссияның кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Біздің отандастарымыздың өмірінде «жұмыс» және «отбасы» арасындағы теңсіздікті байқап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесі пысықталуда. Бұл ретте сарапшылар кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар ата-аналардың барлығы бірдей құқыққа ие болуы керек деп есептейді. Осы мәселеге қатысты біз де уәкілетті органға тиісті ұсыныстар енгіздік, – деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<