Жүйелі жұмыстар нәтижесін беруде

699

0

Өздеріңіз білетіндей, аймақтағы жастар мамандары бүгінгі күнге дейін өздері жауапты болып табылатын сала бойынша жүйелі жұмыстарды атқарып келеді. Соның нәтижесінде жинақталған тәжірибелерге сүйене отырып дайындалған, жастарды қолдауға арналған шараларды қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасы қалыптасты. Сапалы білім беру, жұмыспен қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, мәдени демалысты ұйымдастыру, жастардың өмірлік маңызды дағдыларын қалыптастыру, жас отбасыларына қолдау көрсету сияқты игі шаралар еселеніп, мемлекеттік жастар саясатында да бірқатар қолдаулар, жаңа жобалар жүзеге асуда.

Әр жыл сайын жас буын мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауды сезініп келеді. Қазір жастарға деген қамқорлық барлық салада көрініс беруде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ел дамуына тың серпін беретін бағыт-бағдарлардың жаңа кезеңін ұсынды.

Жолдауда айтылған міндеттер мен мақсаттар халықтың әл-ауқатын арттырып, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етері сөзсіз.

Артылған сенім үдесінен шығуға біздің облыс жастарының әлеуеті де, оларға көрсетілетін қолдау мүмкіндігі де жеткілікті.

Біздер, ағадан ақыл, ініден ізет, апалық мейірім деп, кейінгі толқынға жөн көрсетіп, үдеден шыққан жасқа үміт пен сенімді қатар артатын халықтың өкіліміз.

Сол себепті де, баршамызға мағынасы айқын NEET санатындағы (бұл жұмыс істемейтін, еш жерде оқымайтын, біліктілігін арттырмайтын жастардың топтастығы) әрбір жастың жеке қарым-қабілетіне, кәсіби білім алуына, қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігін арттыруға ел болып бірігуіміз маңызды.

Осы санаттағы жастардың әлеуметтік көзқарастарын зерделеу үшін облыстық ішкі саясат басқармасы және оған қарасты барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Аймақта бұл көрсеткіш 6,4 пайызды құрап, талдама нәтижесінде анықталғандай, 10363 жастың толық тізімі қалыптасты. Қазіргі таңда тындырымды жұмыстардың арқасында жастар жұмыспен қамтылды, көпшілігі спорттық-мәдени-көпшілік шараларға тартылып, белсенділік танытты. Дегенмен, бұл бағыттағы шаралар жастар үшін әлде де аздық етуде, бір реттік шаралардың тиімсіздігін байқатуда. Олармен жүргізілген жұмыстар үшін қысқа немесе ұзақ мерзімді мақсаттарды жүзеге асыру қажет.

Үздіксіз іске асырылған жобаларды бағамдау барысында жаңа идея туындап, NEET санатындағы жастарды қоғамға бейімдеу, әлеуметтендіру мақсатында «Тәлімгерлік» жобасын қолға алдық. Басты мақсат – сандық көрсеткішке емес, сапаға қол жеткізу.

Неліктен атауы Тәлімгерлік деген сауал туындауы мүмкін. Тәлімгер – бұл қажетті сәтте жаныңнан табылатын, тыңдауға және кеңес беруге, өз тәжірибесімен бөлісуге және қамқорлықтағы адамның өміріндегі оқиғаларды талқылауға дайын дос. Тәлімгермен бірге өз жолыңды таңдау және шешім қабылдау оңайырақ. Бұл өте маңызды және қажеттілігі зор.

Жастарымызды толғандыратын мәселелер баршамызға айқын. Проблемалар нақтыланған, шешуге мүмкіндік бар. Әр түрлі санаттағы жастармен арнайы іс-шара жоспары бар. Тәлімгерлердің тынымды жұмыстардың арқасында осы тізімдегі 110 жас уақытша жұмыспен қамтылды, сондай-ақ 2 жас орта арнаулы оқу орындарына оқуға түсуге ниеттенсе, мүмкіндігі шектеулі 2 жастың мемлекет тарапынан бөлінген қайтарымсыз грантты жеңіп алуға алғашқы қадамдары жасалынды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған 3 жастың құқық бұзушылық әрекетіне байланысты жеңілдетілген жаза қарастыруына сот процесіне қатысу жоспарда бар.

Ендігі жерде, ел тағдырына жаны ашитын әрбір азамат осы кеселді түйткілдің түйінін тарқатуға жан-жақты қолдау білдіреді деп сенемін.

Жастармен тікелей байланыста жұмыс істейтін, бейресми және жоспарланбаған оқыту арқылы олардың тұлғалық және әлеуметтік дамуына бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыратын жастар қызметкерлерін таныстыруды қоғамға таныстыруды жөн көріп отырмын.

«Мен тәлімгермін» жобасы аясында біздер тәлімгерліктің формалары мен түрлерін (жеке, корпоративтік, коучинг) жасап қойдық. Қатарға қосыламын деушілерге мархабат!

Бұл бағыттағы Жобаға ешқандай қаржы қаралмаған. Тек өз күшімізбен жасалуда.

Гүлназ Айдарбекова

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының міндетін атқарушы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<