Жаңа ойын алаңы бой көтерді

751

0

Биыл «Балалар жылы» аясында Жосалы кенті, Тайшық би көшесінде балаларға арналған жаңа ойын алаңы бой көтерді.

Заманауи ойын алаңы аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының тапсырмасына сәйкес балалар жылына тарту ретінде демеушілік есебінен салынды.

Мұнда балалар үшін сырғанақ, әткеншек сияқты ойын жабдықтары мен әртүрлі спорт құрылғылары орнатылған.

Бұл балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына мол мүмкіндік береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<