Жапония жағалауында бояу тасымалдайтын танкер аударылып, 8 адам қаза тапты

213

0

Фото: Euronews

Жапония жағалауында химиялық заттарды тасымалдайтын танкер аударылды. Жағалау күзеті сәрсенбі күні таңертең оңтүстіккореялық Keoyoung Sun кемесінен апаттық белгі алды. Ол оңтүстік-батыстағы Муцуре аралының жағалауында болған. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Құтқарушылар жеткенше танкер аударылып қалған.

Кеме бортында 11 адам – Оңтүстік Корея, Қытай және Индонезия азаматтары болғаны белгілі.

Хабарланғандай, оның сегізі қаза тапқан. Экипаждың тағы бір мүшесі аман қалды. Екі адам із-түзсіз жоғалған.

Танкерде 980 тонна акрил қышқылын тасымалдаған. Ол желім, бояу және полирольде қолданылады. Бұл химиялық зат теріге, көзге және әртүрлі органдардың шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін. Кемеден химиялық зат ағып кетуі туралы әзірге хабар болған жоқ.

Бірақ құзырлы органдар алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Кеменің аударылу себебі әзірге белгісіз. Ауданда күн райы қолайсыз болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<