Жасөспірім өзіне қол салды

557

0

Петропавлда 15 жастағы оқушы суицид жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 тамызда Петропавл қалалық ПБ Бірінші полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың өзіне қол салғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған факті ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<