Жасөспірімді қағып өлтірген мас жүргізуші 1,5 жылға сотталды

649

0

Қызылорда облысында жасөспірімді қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты.

Оқиға өткен жылдың 11 сәуірінде Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылында болған. Сол күні 43 жастағы азамат елді мекен көшесінің бірінде «Mercedes-Benz 200 Е» автокөлігімен келе жатып, жылдамдық режимін асырған.

Қарсы бағытқа шығып, өз жолымен келе жатқан велосипедтегі жасөспірімді қағып кеткен «Жол-көлік оқиғасынан алған дене жарақаты салдарынан жасөспірім оқиға орнында қайтыс болған. Тексеру барысында жүргізушінің рөлде мас болғаны анықталды. Күдіктінің іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сараланды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, күдіктінің іс-әрекетіне объективті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліді. Қылмыстық іс ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 300-бабына сәйкес, айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сырдария аудандық сотының үкімімен айыпталушыға 10 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<