Жастар ресурстық орталығына жаңа басшы тағайындалды

453

0

Фото: қалалық қоғамдық даму бөлімі

Қалалық қоғамдық даму бөлімі КММ-нің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры лауазымына Жорабек Медет Ерданаұлы тағайындалды.

Медет Ерданаұлы 1995 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2014-2019 жж. аралығында “Сана” зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының атқарушы директоры;
2017-қазіргі уақытқа дейін «Ұлағат Ұландары» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті;
2019-2021 жж. Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кеңесші, жастар маманы;
2021-2023 жж. «Жастар Рухы» ЖҚ ҚОФ төрағасы;
2023 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кеңесші, жастар маманы қызметін атқарып келді.

Бұған дейін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директор қызметін атқарған Басаров Алиби Төлепбергенұлы шығармашылық бағыттағы жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында қызметінен өз еркімен босатылған болатын. Шығармашыл және өнерпаз жастарды қолдау, тың жобаларды жүзеге асыру бағытында Алиби Төлепбергенұлының еңбегін ерекше атап өту керек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<