Жеке балабақшаның жүргізушісі баланы қағып кеткен

327

0

Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік балабақшалардың жұмысына келіп түсетін шағымдар туралы айтты. Тексеру нәтижесінде балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша бес әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басқарма Қызылордадағы қайғылы оқиғаға да тоқталды.

Жекеменшік балабақшалардың бірінің жүргізушісі мекемеге жеті баланы әкелген. Балаларды балабақшаға әкелген тәрбиеші көмекшісі бір баланың көшеде қалай қалғанын байқамай қалды. Жүргізуші де балаға мән бермей, оны қағып кеткен. Салдарынан бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<