Жеке көлігі бар қазақстандықтардың саны 18,6 пайызға өсті

504

0

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

2023 жылғы қыркүйекте 169,4 мың автокөлік есепке қойылды, деп хабарлайды Kazinform ұлттық статбюроға сілтеме жасап. 

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе көп.

Оның ішінде автобустар – 1,8 есе, жүк автомобильдері – 1,8 есе және жеңіл автомобильдер саны – 1,6 есе өсті.

Осылайша 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны – 5 161,8 мыңды құрады.

Оның ішінде:

88% – жеңіл автомобильдер
9,9% – жүк көліктері
2,1% – автобустар.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада жеке меншікте 4 542,7 мың жеңіл автокөлік болған.

2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жеке меншіктегі жеңіл автомобильдер саны 18,6% артты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<