Желіде «Қазақстанда COVID-19-дың жаңа толқыны басталды» деген ақпарат тарап жатыр

462

0

Сурет: Алматы әкімдігі

Қазнетте ел тұрғындары COVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 коронавирусының дельта штаммын жаппай жұқтыра бастағаны туралы ақпарат белсенді түрде тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Stopfake.kz-тің хабарлауынша, бүгінде республикада коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

«Вирустардың генетикалық зерттеуі бақыланып жатыр. Кейінгі секвенирлеу нәтижесі бойынша республикада жаңа штамм нұсқасы анықталған жоқ. Дельта штаммы 2021 жылы айналымға түсіп, аурудың аса ауыр түрлерін тудырды. Қазір Қазақстанда ауру көбіне жеңіл түрде өтеді. Науқастар негізінен амбулаторлық негізде емделеді. Инфекция төсек-орындардың толтырылуы – 3%», – делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Бұған дейін дәрігерлер COVID-19 «Пирола» жаңа штаммының негізгі белгілері туралы айтқанын жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<