«КСМ» темір-бетон шығаратын өндіріс орны 1969 жылы қызметін бастаған. Бүгінде өндіріс түгел заманауи құрылғылармен жабдықталған. 200-ден астам темірбетон бұйымдарын шығаратын серіктестік өніміне сұраныс жоғары. Жалпы өндірілетін өнімдер қатарында көп бөлімді жабын және таспалық фундамент тақталары, қабырға блоктары, темір-бетон маңдайшалар, дөңгелек темір-бетон шеңберлері бар.
Өңірдегі көпқабатты тұрғын үйлерде және көпір, гидротехникалық ғимараттар құрылысында осы өндірістің қолтаңбасы бар.
– Зауыттың материалдық-техникалық базасы да жыл өткен сайын жаңарып, бәсекеге қабілеті артып келеді. Құрылғылардың басым бөлігі Ресейден келді. Жұмысшылардың 30 пайызын құрайтын қыз-келіншектер – технолог, инженерлік-техникалық құрам, кранның барлығын жетік меңгерген. Жұмыстары өте тиянақты. Ерлермен тең дәрежеде иық тірестіріп, еңбек етуде. Нәзік жандыларымыз нәтижелі жұмыстар атқаруда. Біздің өнімдерге Ақтау мен Атыраудан сұраныс көп түседі. Сондай-ақ қаладағы құрылысы қызған жұмыс орындарын да қамтып отырмыз. Сұраныс түссе, біздігі қызметкер еңбек етуге әзір, – деді Аманбай Жұмабеков.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<