Жұмысшы топ жолға шықты

341

0

Қазалыда салынып жатқан құрылыс нысандары мен жолдардың жай-күйін анықтау жөніндегі жұмысшы топ мүшелері жолға шығып, аудандық маңыздағы «Басықара – Абай», «Қазалы – Қожабақы», «Қазалы – Шағала», «Қазалы қаласының айналма жолы», «Қожабақы – Бекарыстан би» автомобиль жолдары мен Қ.Пірімов ауылындағы Т.Ізтілеуов, Т.Ақжігітов, С.Сейфуллин көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 2018-2019 жылдары бөлінген қаржыға сәйкес атқарылған жұмыстармен танысты. 

Сондай-ақ, олар Бозкөл ауылындағы абаттандыру және аудандық маңыздағы «Бекарыстан би – Қожабақы» автомобиль жолының бойындағы темірбетон көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын, Сырдария өзенінде салынып жатқан «Әлсейіт» көпірінің құрылысымен көзбен көрді.

Жұмысшы топ мүшелері мердігер мекеме басшыларына жұмысты жобаға сәйкес уақытылы әрі сапалы орындауды қатаң тапсырды. Ал, «Әлсейіт» көпірінің құрылысымен танысу барысында мердігер мекеменің жауапты қызметкеріне қос ауданның халқы үшін маңызды нысанды белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігі ескертілді.

Қоғамдық бақылау барысында жұмысшы топтың жетекшісі, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай тапсырыс берушілерге жол жөндеу және абаттандыру, құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржыны мақсатты пайдалану және жұмыс барысын тұрақты қадағалауды тапсырды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<