11 қазанға арналған ауа райы болжамы

597

0

Синоптиктер 11 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Антициклон жотасы республиканың батыс жартысына әлі де әсерін сақтағандықтан, сонымен  жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республиканың шығыс аумағында циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыс бөлігінде таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, тұман түседі, солтүстігінде көктайғақ болады», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола облысының шығыс жартысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы және тау бөктерінде тұман түсіп, түнде батысында, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарында тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<