Ұсыныстар әзірленеді

741

0

          «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігі «Арал өңірі халқының әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау»  тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Оған үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, бизнес құрылымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

         Іс-шара Арал өңірі тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық, экологиялық проблемаларын мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғамдастықпен және бизнес құрылымдармен конструктивті диалог және ынтымақтастық құру арқылы шешу жолдарын айқындау мақсатында өтті. 1992 жылы 30 маусымда «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы қабылданған. Бұл заң Арал өңірінің әлеуметтік проблемаларын шешу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жолдарын белгілейді.  Қалыптасқан экологиялық қолайсыз жағдайдың ауыртпалық дәрежесін, айналадағы табиғи ортаның шөл далаға айналуы мен ластануының адам денсаулығына әсерін ескереді. Сондай-ақ Ғылым академиясының тұжырымдамасы негізінде Арал өңіріндегі экологиялық қасірет аумағы үшке − экологиялық апат, экологиялық дағдарыс және экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтар болып бөлінеді. Дегенмен заң күшіне енгеннен кейін көптеген баптары алынып тасталды. Қазір Арал өңірі халқына көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық көмектің көлемі мен тиімділігін зерттеп, оны арттыру мақсатында әлеуметік зерттеу жүргізілуде.  Дөңгелек үстел барысында ұсыныстар дайындалып, Арал өңірі тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық, экологиялық проблемалары айқындалып, ұсыныстар әзірленбек. Жобаны АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы аясында Еуразия қоры қолдайды.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 

 

 

 

 

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<