2023 жылдан ауыл мектептері жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіріледі

538

0

2023 жылдан ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіру басталады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқапарат тілшісі.

«Толық жинақталған ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіруді 2023 жылдан бастайтын боламыз. 2022 жылы пилотты жобаны өткіземіз. Біз 2020 жылы барлық қала мектептерін жан басына қаржыландыруға көшірдік және оның оң нәтижесін көріп отырмыз. Біріншіден ол – әртүрлі өңірлердегі мектептерді қаржыландыру көлемін біршама теңестірді, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік беріп, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру және білім беру саласына жекеменшік инвестициялар тартуға жағдай жасады», – деді А. Аймағамбетов.

Оның айтуынша, аталған қадамдар қала мен ауыл мектептері арасындағы сапа алшақтығын да шешуге мүмкіндік беретін болады.

Еске салсақ, 1 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жолдаудың толық мәтіні мына жерде.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз