Жеті мыңға жуық қызылордалық оқушы биыл жаңа мектепте оқуын жалғастырады

275

0

2023 жылдың соңына дейін 6 700 оқушы орнын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 3 700 орын 1-қыркүйекте ашылады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

– Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 3000 орындық 5 жаңа мектеп пен 4 мектепке қосымша құрылыс ғимараты салынып, биыл пайдалануға беру жоспарлануда, – деді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Бекбол Қаратайұлы.

Сонымен қатар, алдағы екі жылда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 12 300 орындық 21 мектеп пайдалануға беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<