80 сағаттық семинар

319

0

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару ака­демиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы академия тарапынан ұсы­нылған «Өңірді дамыту үшін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау» тақырыбында халық саны екі мыңнан асатын елді мекендерде 4 деңгейлі бюджет енгізілген қала, кент және ауылдық округі әкімдеріне арналған  80 сағаттық семинар ұйымдастырып отыр.

Айта кетейік, бұл семинар барлық филиалдарда бір  мезгілде жүргізіледі.

Семинар «Жергілікті өзін-өзі басқару реформаларын жүзеге асыру құралдары»  және  «Жобалық менеджмент. Жобаны құру және қорғау» модульдерінен тұрады. 1 модуль 19-23 қараша аралығында, 2 модуль 4-8 желтоқсан күндері өткізілу жоспарланып отыр.               

Семинардың мақсаты – өңірлер басшыларын елдегі және әлемдегі өзгерістерді жаңа қырынан танып, жаңа трансформациялық ойлау дағ­дысына үйрету, жобаны басқару салаларында прак­тикалық дағдылар мен құзы­реттерді дамыту. 

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<