Адам мен қоғам қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

485

0

Қызылорда «Болашақ» университеті 2013 жылдан бастап Чехияның «Sociosféra-CZ» Ғылыми-баспа орталығымен жемісті ынтымақтастықта жұмыс атқарып келеді.Осы жылдар ішінде бірнеше бірлескен іс-шаралар өткізілді.

5-6 желтоқсанда Қызылорда «Болашақ» университеті «Sociosféra-CZ» Ғылыми-баспа орталығының қолдауымен, Саяси зерттеулер Ассоциациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы және Пенза мемлекеттік технологиялық университетімен бірлесіп «Адам мен қоғамның қауіпсіздігі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мәселесі ретінде» атты жетінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференция материалдарының жинағында келесі секциялар бойынша баяндамалар жарияланды: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары, Тұлғаның қауіпсіздігі: ұғымдар жүйесі және негізгі түрлері; Адам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеке және қоғамдық шарттары; Қоғам қауіпсіздігі тұлға дамуының маңызды детерминанты ретінде.

Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз